Леонардо ДиКаприо Hollywood Film Awards лауреаты атанды
Таяуда АҚШ-та Hollywood Film Awards жүлдесімен марапаттау рәсімі өтті. Лауреаттардың арасында Леонардо ДиКаприо бар. Ол Фишер Стивенспен бірігіп жұмыс істеген «До потопа» деректі фильмі үшін марапатталды. Сондай-ақ жүлдені Мэл Гибсон «По соображениям совести» фильмі үшін «Үздік режиссер» номинациясымен марапатталды. Үздік актер жүлдесіне «Чудо на Гудзоне» фильмі үшін Том Хэнкс ие болды. Екінші пландағы үздік актер деп Хью Грант танылды, ол «Флоренс Фостер Дженкинс» фильмінде ойнады.
Натали Портман «Үздік актриса» жүлдесін «Джеки» фильмі үшін алды. Ал «Екінші пландағы үздік актриса» жүлдесі үшін Николь Кидман таңдалды, ол «Лев» фильміндегі рөлі үшін марапатталды.
Үздік актерлер ансамблі номинациясы Мэттью Макконахи, Эдгар Рамирес және Брайс Даллас Ховардқа «Золото» фильмі үшін берілді.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін