È

Lionsgate «Ла-Ла Ленд» продюсерімен бірге екінші дүниежүзілік соғыс уақытын көрсететін фильм түсіріліміне дайындалуда

Lionsgate «Ла-Ла Ленд» продюсерімен бірге екінші дүниежүзілік соғыс уақытын көрсететін фильм түсіріліміне дайындалуда

Lionsgate студиясы продюсер Марк Платтпен («Ла-Ла Ленд», «Пойыздағы қыз») бірге шындық оқиғаға негізделген фильм түсіріліміне дайындық үстінде. Британдық автор Джени Хэмптонның 2011 жылы жарық көрген «Скаут қыздар соғыста қалай жеңіске жетті» кітабының экрандық бейімделуімен Дж. Миллс Гудло («Арамызда таулар бар», «Барлық осы әлем») айналысады. Сондай-ақ, фильм шығарылымымен Walden Media айналысатыны жайлы келіссөз жүргізілуде.

Скаут қыздардың қозғалысын осыған ұқсас ұл балаларға арналған ұйым құрылғаннан кейін, ХХ ғасырдың басында Ұлыбританияда лорд Бэден-Пауэлл мен оның әпкесі құрды. Хэмптон өзінің кітабында Екінші дүниежүзілік соғыста британдық жеңіс үшін скаут қыздардың көмегінің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Олар жарылыс қойылған жерлерге адамдардың баруына мүмкіндік бермеді, ошақтарда тез тамақ әзірлеуді ұйымдастырды, сарбаздарға әр түрлі бұйымдарды тоқып, шұғыл медициналық көмек көрсетті және үйсіз балаларға көмектесті.

Бұдан бұрын Lionsgate «Ла-Ла Лендтің» бүкіл әлемдегі қаржылық табысына қолдау көрсетті. 30 миллион долларға түсірілген таспа айналымда 446 миллион доллар қаржы жинады және «Оскардың» алты жүлдесін иеленді, сондықтан Платты фильммен жұмыс істеуге бірден шақырды. Бұдан бөлек, Lionsgate осыған дейін «Ғажайып» фильмін түсіруде Walden Media компаниясымен серіктесе отырып жұмыс істеген болатын (түсірілімге кеткен 20 миллион шығынмен айналымнан 300 миллион доллар қаржы жинаған).

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер