Голливуд кинематографисті Квентин Тарантино өзінің жақында берген сұқбатында алдағы уақытта әлі екі фильм түсіретінін айтты, сонымен барлығы 10 фильм түсіріп, зейнетке шығатынын айтты. Он фильм дейтін себебі - «Убить Билла» екі бөлімнен тұратын фильм. Тарантиноның айтуынша, он фильм - өз мүмкіндігіңді көрсетіп, зейнетке кетуге болатын көрсеткіш. Ол жетпіс беске келгенде де бір фильм түсіруі мүмкін. Ол кезде көрермен қартайған режиссердың фильмін алдыңғы фильмдерімен салыстырмайды деп үміттенетінін айтты. Квентин Тарантино «Криминальная чтива» және «Джанго освобожденного» фильмдерінің сценраий екі мәрте «Оскара» және «Алтын глобус» жүлделерін алды.