È

«Айырылмас достар»: Грег Сестероның қатысуындағы комедиялық триллерге арналған трейлердің көрсетілімі

«Айырылмас достар»: Грег Сестероның қатысуындағы комедиялық триллерге арналған трейлердің көрсетілімі

«Жақсы болу үшін тым нашар» тобына жататын фильмдердің жанкүйерлері Грег Сестеро мен Томми Вайсоның есімдерін естігенде әрдайым күлімсірейді. 2003 жылы бұл жұп әлдеқашан танымал болған және осы күнге дейін халықаралық фестивальдарда көрсетіліп жүрген «Бөлме» фильмін түсірді. Содан кейін Сестеро «Бөлме» түсірілімінде болған жағдайлар жайлы роман жазды.

Былтырғы жылы Джеймс Франко 2017 жылдың үздік фильмдерінің бірі және көптеген марапаттарға ие болған «Туындыгер қайғы» фильмін экранға шығарды. Енді Сестеро-Вайсо жұбы экранға қайта оралғандарын атап өтуде. Дегенмен, «Бөлме» фильмі, негізінен, Томми Вайсоның қиялының жемісі, ал «Айрылмас достардың» негізгі авторлық құқығы Грег Сестероға тиесілі.

Сестероның өзі «Айырылмас достар» гротекстік триллерінің сценарий авторы әрі продюсері болып саналады. Таспаның сюжеті бойынша Джон (Грег Сестеро) отбасынан айырылғаннан кейін тұйықталып кетеді. Ол көшеде өмір сүреді және өмірге қапалы. Оның өмірден үміті жоқ және жағдайының жақсаратынына сенбейді. Бір күні ол өзіне көмек қолын созған жерлеу бюросының қызметкері Харвимен (Томми Вайсо) танысады. Екі жігіт бір көргеннен бір-біріне ұнайды.

Джон Харвиге жұмыс істей бастайды және кездейсоқ өзі жұмыс істейтін анатомия институтының кеңселерінің бірінен көп мөлшердегі алтын тістерді табады. Оған қаржылық жағынан өмірін жақсартудың мүмкіндігі туады. Джонды жұмыстан қумай, екеуі де алтын тістерді кәсіпкерліктің жаңа саласына пайдалану жоспарын қарастырады. Кәсіпкерліктен түсетін табыс олардың бір-біріне деген сенімсіздігімен қатар өседі. Джон мен Харви әлі де бір-біріне сенім артады ма, әлде бұл жағдай апатқа әкелуі мүмкін бе?

«Айырылмас достар» комедиялық триллері үлкен айналымға 2018 жылдың наурызынан бастап шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер