È

«Үздік мерген 2»: Дженнифер Коннелли актерлік құрамға қосылмақ

«Үздік мерген 2»: Дженнифер Коннелли актерлік құрамға қосылмақ

Дженнифер КоннеллиБатылдар ісі», «Американдық пастораль») 1986 жылғы түпнұсқа фильмінің сиквелі «Үздік мерген 2» жобасының актерлік құрамына қосылады. Қазір бұл таспамен Paramount және Skydance студиялары айналысып жатыр. Режиссер Джозеф Косински («Обливион», «Тақ: Мұра») әйгілі продюсер Джерри БрукхаймерменКавалерия», «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды») бірге жалғасымен айналысады. Дженнифер Коннелли авиабаза жанындағы барға иелік ететін жалғызбасты ананы сомдайды деген болжам бар.

Басты рөлді сомдаушы Том КрузАмерикада жасалған», «Мумия») мамыр айының соңында Boeing F/A-18 Super Hornet палубалы жойғышының жанында тұрған суретін жариялаған болатын. Технологиялық көзқарас бойынша, «Үздік мерген 2» картинасындағы оқиға ұшқышсыз ұшатындар әлемінде орын алады және Круздың кейіпкері нұсқаушы ұшқыштың көмегі арқылы әуе шайқастары эрасының қаншалықты аяқталғаны анықталады.

Түпнұсқа «Үздік мерген»халықаралық айналымда 350 млн. доллар көлемінде өте жақсы бокс-офис жинады, ал өндірістік бюджеті 15 млн. болатын.

«Үздік мерген 2» атыс-шабыс фильмі 2019 жылдың 12 шілдесінен бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер