Paramount студиясы «Ниндзя-тасбақалардың» үшінші бөліміне қатысты жұмысты бастағанын мәлімдеді
Paramount студиясы «Ниндзя-тасбақалардың» үшінші бөліміне қатысты жұмысты бастағанын мәлімдеді. Бұл қадам франшизаның алдыңғы бөлімі кассалық құлдырауға ұшыраған соң жасалып отыр. Жаңа бөлімімен сценарист Эндрю Додж («Жаман сөздер») жұмыс істейді. Таспа өндірісімен Platinum Dunes компаниясы және белгілі продюсерлер Майкл Бэй («Тыныш мекен», «Трансформерлер») және Эндрю Форм («Уиджи. Әзәзіл тақтасының қарғысы», «Қиямет түні») айналысады.
Үшінші «Ниндзя-тасбақаларда» Paramount студиясы франшизаны қайта жаңғыртуға тырысып жатыр. Алдыңғы екі фильм ащы тағамды жақсы көретін супербатыр тасбақалар жайлы Кевин Истмэн мен Кевин Лэйрд комикстеріне негізделген. Олар Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері - Микеланджело, Рафаэль, Леонардо және Донателлоның құрметіне аталған. Ниндзя-тасбақалар қабілеттерін ұстаздары, Нью-Йорк кәріз жүйесіндегі мутант егеуқұйрықтар Сплинтерден иеленген болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін