Ағылшынның таңғы ьағдарламасы BBC Breakfast Марк Гейтиссті оның жұмыс жоспары туралы сұрау үшін қонаққа шақырды.Ол өзінің жобалары туралы қуана-қуана айтып берді, театр қойылымындағы рөлі және «Шерлок» сериалының төртінші маусымына қатысуы туралы әңгімеледі.
Марк Гейтисс пен Стивен Моффат британдық танымал картина «Шерлок» сериалының жаңа сериаларының концепцияларын ойластыруда. Олардың айтуынша, төртінші маусым ең үүздік болмақ. Түсірілім тамыз айында аяқталды, мазмұнды әрі бояуы қанық эпизодтар түсірілді. Трейлерін көріп, сондай-ақ Марк Гейтисстің пікірінен кейін сюжетте кейіпкерлердің өмірін мүлде өзгертіп жіберетін өзекті оқиғалар жатқанын байқауға болады. «Шерлоктан» өзге Гейтисс британдық сериал өндірісінің тағы бір шедеврі «Доктор Кто» сериалын да атап өтті. Жаңа жылда жаңа маусымы шығады деп жоспарлануда.