È

Мартин Скорсезе Rotten Tomatoes сайтын негативизм үшін кінәлады

Мартин Скорсезе Rotten Tomatoes сайтын негативизм үшін кінәлады

Режиссер Мартин Скорсезе The Hollywood Reporter басылымы арқылы көрермендерге киноны Rotten Tomatoes сайты мен Cinemascore компанияларының рейтингі бойынша бағаламауды сұрады. Автордың айтуынша, мұндай сайттар киносынды төмендетіп, киноның мәдениет ретіндегі құндылығын жоғалтатын көрінеді.

Ол бағалардың айналымдағы көрсеткіштерге қарап қойылатынына сенімді, себебі олар кинокәсіпке тікелей байланысты, авторлар мен кино көрушілерге мүлдем қатысы жоқ. Скорсезенің пікірінше, Rotten Tomatoes («шіріген қызанақтар») сайтының атауының өзі көрермендерді кинематографқа қарсы қоятын сияқты. Скорсезе өзінің мәлімдемесінде Даррен Аронофскидің «Анашым!» фильмімен де осындай жағдайдың болғандығын жазған. Кино Cinemascore-да төмен бағаланған. Режиссер картинаның мағынасын түсінбей, көрермендер дұрыс бағаламады деп ойлады. Скорсезенің өзі фильмді бірнеше апта бұрын көрген екен, бірақ әлі де ерекше әсерде жүр. Оның ойынша, мұндай фильмді өз ісіне берілген нағыз режиссер ғана жасай алады. Жақсы картиналарды көрермендер аса түсінбейді, сондықтан қабылдай алмайтын секілді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады, бастапқыда көрерменнің көңілінен шықпаған фильмдер кейіннен классикаға айналып жатады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер