È

Микки Маус 90 жылдығын тойлауда

Микки Маус 90 жылдығын тойлауда

Микки Маус өзінің үлкен экрандағы дебюті «Вилли кемесі» анимациялық фильмінен кейін (18 қараша 1928 ж.) бүкіл әлем бойынша Disney компаниясының басты бейнесі болып табылады. Кезіндегі «Микки Маус клубы» танымал бағдарламасынан бастап, заманауи қысқаметражды анимациялық фильмдерге дейін Микки күн сайын әр елдердегі жанкүйерлерін шабыттандырып келеді.

Салтанатты шаралар 2018 жыл бойы өткізілетін болады! Атап айтқанда, эксклюзивті сән көрсетілімі, ABC телеарнасындағы жаңа телевизиялық жоба, Disney курорттары мен саябақтарындағы арнайы шаралар және т.б. көптеген мерекелік бағдарламалар өтеді. Кез келген адам әлеуметтік желі арқылы #Mickey90 арнайы хэштегін қолдана отырып, Микки Маусты Туған күнімен құттықтай алады.

Туған күнді тойлау 7 наурыз күні «The Happiest Show on Earth» топтамасының сәнді көрсетілімімен басталады, бұл топтаманың идеясы Миккиге тиесілі, ал оны Opening Ceremony компаниясының негізін қалаушылар Кэрол Лим мен Умберто Леон жүзеге асырды. Бұл шоу бренд үшін Көктем 2018 маусымының негізгі топтамасы болмақ, оны бүкіл әлем бойынша Opening Ceremony көктемгі топтамасымен қортындылайды. Топтаманың жартысы көрсетілімнен соң бірден shopDisney.com, OpeningCeremony.com сайттарында және Opening Ceremony дүкендерінде сатылымға шығады. Коллаборацияның қалған киімдері қарашада сатылмақ. Сонымен қатар, көрсетілімде жақында Голливудтағы Жұлдыздар Аллеясында жеке жұлдызға ие болған Минни Маус та болады.

Disney және Opening Ceremony коллаборациясы Микки Маусқа арналған бүкіл әлемдегі поп-мәдениеттің символына айналған «Mickey the True Original» атты сәнді топтаманың алғашқы бөлігі атанбақ. Кампания түрлі сәнді брендтермен серіктестік орнату арқылы, сондай-ақ Миккидің өткендегі, қазіргі және болашақтағы рөлін айқындайтын ақпараттық материалдар мен оқиғалардың көмегімен жүзеге асырылады.

The Walt Disney Company-дің Қазақстан аумағындағы ресми өкілі - Meloman Entertainment компаниясы.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер