«Monster Hunter»: актерлік құрамға Ти-Ай Харрис пен Рон Перлман қосылды
Басты рөлді Милла Йовович («Болашақ әлемі», «Аман қалған») сомдаған «Зұлымдық иесі» франшизасы арқылы кеңінен танылған сценарист әрі режиссер Пол У. С. Андерсон Capcom PlayStation 2 үшін шығарған «Monster Hunter» танымал бейнеойыны сюжеті бойынша экранды бейімдеу дайындауда. Түсірілімге дайындық пен таспаны продюсерлеумен кинокәсіптегі ірі компаниялардың бірі Screen Gems айналысып жатыр.
Қазіргі таңда Милла Йовович Артемида есімді кейіпкердің рөліне бекітілді. «Monster Hunter» актерлік құрамына актер әрі хип-хоп орындаушы Ти-Ай Харрис («Құмырсқа адам және Сона», «Ұйқысыз түндер») қосылғаны белгілі болды, ол мерген Линкті сомдайды. Сонымен қатар, картинаға атыс-шабыс фильмдерінің ақшашты ардагері Рон Перлман («Фантастикалық мақұлықтар және олардың мекендейтін жерлері», «Шынайы Рокки») да түседі. Перлман аңшылар тобының басшысы Адмирал рөлін сомдайды.
«Monster Hunter» сюжеті әзірге құпия ұсталуда, бірақ ойын сюжеті бойынша қатысушының әрқайсысы қарулар мен түрлі құрылғылар арқылы құбыжықтарды аңдып, өлтіретін кейіпкерді таңдап алады. 60 млн доллар бюджеті бар жобаның түсірілімі келесі айда Оңтүстік Африкада басталады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін