«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады»: «Алисадан» сұраңыздар
Яндекстің дыбыстық көмекшісі «Алиса» «Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» анимациялық фильмі көріністерінің бірінде пайда болды. «Алисамен» қарапайым адам ретінде сөйлесуге болады. Бұл көмекші даладағы ауа-райын айтып береді, жақын маңдағы дәмхананы тауып береді, қолданушымен ойын ойнай алады, такси шақырып, күнделікті көптеген маңызды істерді атқара алады. Мобильді құрылғылар мен навигаторлар үшін «Алиса» Яндекс қосымшасында бар.
«Алисаның» көмегімен «Құбыжықтар демалыста 3» кейіпкерлері жайлы бәрін білуге және әңгімелерін тыңдауға болады. Ол үшін дыбыстық көмекшіге фильм постерінен кейіпкердің біреуінің суретін жүктеп немесе суретке түсіріп, болмаса көріністің бірін пайдаланып жіберу керек. «Алисаның» тағы бір керемет дарыны бар, ол арнайы әзіл тесті арқылы пайдаланушының қай құбыжыққа ұқсайтынын тауып береді және нәтижесін әлеуметтік желіге бөлісіп, сала алады.
«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» анимациясы 2018 жылдың 12 шілдесінде айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін