«Демалыстағы құбыжықтар 3: Теңіз шақырады» анимациялық комедиясына арналған екінші дубляждалған трейлер

Режиссер Генндий Тартаковскийдің «Демалыстағы құбыжықтар 3: Теңіз шақырады» үшінші анимациялық комедиясында Дракула достарымен бірге керемет лайнермен круизға аттанады, сол жақта ол кеме капитаны – жұмбақ әрі көркем Эрикаға ғашық болады.
Бірақ әкесінің жаңа сүйіктісі қызы Мэвиске ұнамайды және ол ғашық жұпты ажырату үшін қолынан келгеннің бәрін істейді. Дегенмен, ең қорқыныштысы алда, Эрика - Дракуланың және барлық құбыжықтардың жауы Ван Хельсингтің ұрпағы.
«Демалыстағы құбыжықтар 3: Теңіз шақырады» анимациялық комедиясы Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 2018 жылдың 12 шілдесінен бастап шығады.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін