È

Ник Нолти мен Мэтт Диллон Тиль Швайгер фильмінің американдық ремейкіне шақырылды

Ник Нолти мен Мэтт Диллон Тиль Швайгер фильмінің американдық ремейкіне шақырылды

Ник Нолти («Лоренцо майы», «Руанда» қонақ үйі») және Мэтт Диллон («Қақтығысу», «Ержүрек балық») 2014 жылғы Тиль Швайгер фильмінің ағылшын тілді ремейкі «Бастағы бал» драмалық комедиясында әке мен баланың рөлін сомдайды. Нолти басты рөлді ойнайды. Оның кейіпкері – Альцгеймер ауруына шалдыққан адам. Ол ауруымен күресіп, 50 жыл некеде болған әйелінің қазасынан кейін, өзін-өзі барынша сабырлы ұстауға тырысады. Алғашында рөл Майкл Дугласқа арналған. Фильмнің немістік нұсқасында Амандус Розенбахтың рөлі комедия аңызы Дитер Халлерворден сомдаған болатын.

Сюжет бойынша Диллон Нолттың ұлы болады, ол Америкада дүниеге келіп, ересек шағын Англияда өткізіп жатыр. Диллон кейіпкері бұрынғы әйелімен (Эмили Мортимер, «Шарп қылышы», «Қымбатты Фрэнки») бірге қыз тәрбиелеп отыр. Атасы немересімен бірге Венецияға барып қайтуды ұйғарады, бірақ оның жағдайы лезде нашарлай түседі. Тиль Швайгер Германияда 90 миллион доллар жинаған түпнұсқа фильмде ұлын ойнаған. «Бастағы балдың» ағылшын тіліндегі нұсқасының түсірілімі мамырда басталып, Германия, Италия және Ұлыбритания аумағында өтеді. Фильмнің жаңа сценарийін Джоджо Мойес («Сенімен кездескенше») жазды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер