Нұрлан Қоянбаев пен Әсел Сәдуақасова «Тикетон» жүлдесінің иегерлері атанды
Мәдениет, өнер мен спорт саласындағы алғашқы тәуелсіз «Тикетон» жүлдесінің иегерлері анықталды. Жеңімпаздар 2018 жылдың 19 ақпанынан бастап, 2 наурызына дейін жалғасқан Желідегі ашық дауыс беру арқылы таңдалды.
Жүлдеге үміткерлер «Кино», «Театр», «Спорт», «Концерттер», «Балалар» және «Кәсіп пен қоғам» сынды 6 бөлім бойынша ұсынылды. Дауыс беруге 156 мың ғаламтор қолданушылары қатысқан. Олардың 24851-і өз дауыстарын «Кино» санатына берген.
«Жыл киноактері» аталымында продюсер Нұрлан Қоянбаев жеңіске жетті. Оған 2293 дауыс берілді. «Жыл киноактрисасы» жүлдесін Әсел Сәдуақасова иеленді. Оған 3359 адам өз дауыстарын берген.
«Отандық жыл фильмі» аталымын 2135 дауыс жинаған «Қазақша кәсіп Америкада» комедиясы жеңіп алды. Ал «Форсаж 8» фильмі 1785 дауысқа ие болып, жылдың үздік шетелдік фильмі атанды.
«Тикетон» жүлдесін Ticketon.kz онлайн-билеттер сатылымы қызметі ұйымдастырды.
3 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
8 наурыз 2018, 00:26Ну Асель двано в кино, у нее больше опыта, а Нурлан в жизни больше КВНщик. Так, что скажу Здесь больше заслуга Асель больше. А Нурлан воплотил из готова пирога свою историю.
Даник
8 наурыз 2018, 00:30Поздравляем! Заслужили, молодцы! Ждем новых творений!
Maxim Bogomolov
19 наурыз 2018, 20:51Молодцы!