È

Нұрлан Қоянбаев Qazaqstan телеарнасынан кетті

Нұрлан Қоянбаев Qazaqstan телеарнасынан кетті

Нұрлан Қоянбаев Qazaqstan телеарнасының бас продюсері және «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі қызметінен кетті. Бұл туралы Қоянбаев өзінің Instagram парақшасы арқылы хабарлады.

«Әр нәрсенің өз дәуірі, өз уақыты, өз сәті болады. Ештеңе де мәңгі емес!.. Түнгі студия - менің өмірімде өзіндік орны бар, өзіндік ерешелігімен есте қалған жоба болды. Осы жылдар аралығында менімен бірге болған, бірге түсірілім жұмыстарына қатысып, талай еңбекті атқарған барлық әріптестеріме, бар жанашыр жандарға шын жүректен алғысымды білдіремін! Қош бол, «Түнгі студия»!...

Бір жаңа есіктің ашылуы үшін - өзге есікті жабуға тура келеді. Алда жаңа белестер, жаңа биіктік, жаңа қадам, бәрі жаңаша!» (мәтін қысқартылған – ред.), - деп жазған Нұрлан Қоянбаев.

«Түнгі студия» бағдарламасының жаңа жүргізушісі болады, оның есімі жақын арада белгілі болмақ.

Нұрлан Қоянбаевтың айтуынша, өзін толығымен кино саласына арнау үшін телевизия саласынан кетуге тура келген. Ол комедиялық фильмдерді түсіруді жалғастырмақ ниетте.

Еске сала кетсек, продюсер соңғы екі жылда «Қазақша кәсіп», 2017 жылдың ең кассалық таспасы атанған «Қазақша кәсіп Америкада» және «Таиландтағы демалыс» атты үш картинасын жарыққа шығарған болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер