È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
  • Нұртас Адамбай және Әнуар Нұрпейісов ереуілге шыққан шахтерлар жайында

Нұртас Адамбай және Әнуар Нұрпейісов ереуілге шыққан шахтерлар жайында

  • 14 желтоқсан, 2017
  • Мадина
  • 1 880
  • 0
Нұртас Адамбай және Әнуар Нұрпейісов Қарағандыда ереуілге шыққан шахтерлар жайында

Қарағанды облысында 11 желтоқсан күні басталған «Арселор Миттал Теміртау» АҚ шахтерларының ереуілі Қазақстандағы ең көп қозғалған тақырыптың бірі болды. Ереуілге шығушылардың талаптары қарапайым ғана, олар еңбекақыны көбейтіп, еңбек шарттарын ретке келтіруді талап етуде. Әлеуметтік желіде кеншілерді қолдау акциясы жүріп жатыр. Отандық кинематографшылар да азаматтық пікірлерін білдірді.

Продюсер әрі режиссер Нұртас Адамбай осы жағдайға қатысты өз пікірін Facebook парақшасы арқылы білдірді. Ол шахтерлардың ерен еңбектерін тілге тиек етіп, ереуілге шыққандарын құптап отыр.

«Сіздер мынадай қара суықта жердің астында жүріп жұмыс істейтін адамдардың еңбек шарттарын жақсартуды неліктен талап етіп отырғандарын түсінесіздер ме? Менің ойымша, олар бұл жағдайға мәжбүрліктен барып отыр. Сені естігісі де, тыңдағысы да келмегенде осылай болады. Ертең балаларыңа ешкімнің көмектесе алмайтынын біле тұра, 150 000 теңгеге денсаулығыңды құртып, шахтада жұмыс істеуге мәжбүрсің. Шахтерлардың бұл әрекеті орынды деп санаймын! Еліміздің ойлы азаматтары да менімен келісетін шығар. Есі дұрыс адамдардың барлығы шахтерлардың жұмысының қаншалықты ауыр екенін жақсы біледі. Біз «үстінде» өмірден ләззат алып жүргенде, олар жердің астында денсаулығы мен өмірлерін сарп етіп, жұмыс істеуге мәжбүр. Сондай-ақ, адамдар тамаққа ғана жетерлік ақша табу керек деп кім айтты? Олар физикалық тұрғыда ақша табуға жарамсыз болған кезде, жанұялары мен балаларына кім қарайды сонда?...

Жердің астында жүріп, тендер ұтып ала алмайсың, ешкім саған хатқалтаға бірнәрсе салып, жылы кеңсеге әкеп бермейді. Ол жақта физикалық таза ауыр жұмыс. Халық жақсы өмір сүрсе, ереуілге шықпайды. Сондықтан, оларға сөзбен де көмектесіп, қолдай алмасаңыздар, жағымсыз пікірлеріңізді айтпай-ақ қойыңыздаршы».

Шахтерлардың ауыр жұмысы жайлы Әнуар Нұрпейісов те пікір білдірді. Актер Facebook парақшасы арқылы шахтада болған 4 сағаты туралы айтып берді.

«2012 жылдың тамыз айы. Мені және жаңа олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті қарағандылық телеарналардың бірі Абай атындағы шахтаға түсіп, сол жайында сюжет түсіруге шақырды. Біз жердің астында 4 сағат қана болдық. Бірақ, сол азғантай уақыттың ішінде-ақ шахтер мамандығының қиындығын сезіндім. Қазақстандағы заманауи шахтёрлардың қандай жағдайда жұмыс істейтінін көрдім. Бір бұрғылап жатқан адамды көрдік, оның жанында сұмдық шаң болды, тіпті екі метр жерден ештеңе көрінбеді. Біз тар туннельмен 20 минут бойы жорғалап жүрдік, сол жақта 2008 жылы жарылыс болып, 30 адамның өмірі қиылған еді. Кейін, жоғарыға шығып, ауамен құштарлана демалдым да, тізерлеп отыра кеттім. Мен шахтаға түсіп, шығып жүріп, қатты шаршап қалыппын, тіпті шахта директоры жайған дастарханда ұйықтап қалдым. Сол кезде жәй ғана шахта бойымен жүрген болатынмын. Қазақстандағы шахтерлар өмірлерін қауіпке тіге отырып, аз ғана жалақы алады. Қазір Шахтинск қаласында кеншілер тобы екінші күн ереуілге шығып, айлықты 100%-ға көтеруді және зейнет жасын 50 жасқа дейін төмендетуді талап етуде. Осы елдің азаматы ретінде «Арселор Миттал» компаниясының басшылығынан ұлттық валютамыздың құнсыздануына байланысты туындап отырған жағдайды реттеуін сұраймын. Қарағандылық азамат ретінде, шахтерлардың мықтылығын, жігерлі мінезін жақсы білемін. Егер шахтерлар жердің үстіне үш күн бойы шықпаған болса, бұл жағдайларының шынымен де өте ауыр екендігін білдіреді».

  • 14 желтоқсан, 2017
  • Мадина
  • 1 880
  • 0

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 22:55

Почему, наш народ должен голодать, почему наши люди должны страдать и умирать,

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама