È

Тимур Бекмамбетов пен Нұртас Адамбай бірігіп кино түсіруі мүмкін

Тимур Бекмамбетов пен Нұртас Адамбай бірігіп кино түсіруі мүмкін

Отандық режиссер, продюсер әрі актер Нұртас Адамбай Тимур Бекмамбетовпен бірге фильм түсіруді ойлап жүрген көрінеді. Режиссер бұл туралы Caravan.kz сайтына берген сұхбатында айтып қалды. Жақында Адамбай ресейлік режиссермен бірге жұмыс істейтінін өзінің Facebook парақшасында нақтылады:

«Бір кездері Тимурмен әңгімелескенімде, ол маған «Мен сені әрқашанда қолдауға дайынмын!» деген еді.

Қазақстандықтардың арасында бірінші болып әлемдік кинематографияда тамаша табысқа жеткен маманның өзінің отандастарына көмектесуге дайын екендігі қатты қуантты!

Оның үстіне, өткен жылы отандық кинолардың билеттерін арзандатуға байланысты Тимур тарапынан айтылған идеяға өз пікірімді білдірген едім. Сол кезде мен «мэтрді» сынағандай болғанмын. Бірақ, Тимурдың ақылды адам екенін, барлығын дұрыс түсінетінін білдім. Кейде дау арқылы шындық туады емес пе? Осыған дәлел ретінде, оның көмекшісі маған қоңырау шалып, Тимур Нуруахитұлының менімен кездескісі келетінін айтты. Мен үшін онымен сөйлесу, өз идеямды айту қызық болды. Тимур мені асықпай тыңдап, өз пікірімен бөлісті. Сені түсінетін адаммен сөйлескен қандай жақсы.

Алдағы уақытта бірігіп өз жобамызға кірісіп, халыққа қызықты болатын туындыны жасаймыз деп үміттенемін».

Екі режиссердің қандай кино түсіретіні әзірге беймәлім.

Еске сала кетсек, Нұртас Адамбай мен Тимур Бекмамбетовтың жеке кездесуі Алматыда «Алғашқылар дәуірі» фильмінің тұсаукесерінде болған.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Алина

25 апреля 2017, 16:33

Интересно, это будет фильм о приключениях келинки Сабины в космосе? =)

Мырзахмет

27 апреля 2017, 20:54

ждем творчества

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер