È

Нұртас Адамбай «Самая вышка» әнінің трек лицензиясын сатып алды

Нұртас Адамбай «Самая вышка» әнінің трек лицензиясын сатып алды

Нұртас Адамбай танымал «Самая вышка» әнінің трек құқығын ресми түрде сатып алды. Алдыңғы жолы «Мен – күйеу жігітпін» фильмінің саундтрегі болып келетін аталмыш шығарманың плагиат екені хабарланған еді. Продюсер әрі режиссер Нұртас Адамбайдың өзі авторлық құқықтың бұзылғаны жайлы Nurtas Production компаниясының білмегенін айтты.

Адамбай құқықты сатып алғаны туралы Instagram арқылы хабарлады.

«Бізге қазақтарға, қазақстандықтарға, мұсылмандарға, қарапайым халыққа әсіресе, Рамазан айында қандай да бір шиеленіске түсуге болмайды! Жасым үлкен болғандықтан, жас жігіттер Райымбек пен Артурмен болған «Самая вышка» әнінің авторлық құқығына қатысты жағдайды шештім. Жасы үлкен адам кез-келген істе жауапкершілікті сезінеді деп ойлаймын.

Біздің бар күшіміз, тобымыздың еңбегі, жігіттердің талпынысы, көрермендер мен тыңдаушылардың қалауының арқасында арамызда қандай да бір келіспеушіліктің орын алуы дұрыс емес. Сондықтан, көрермендердің және жігіттердің көңілін түсірмеу үшін аталмыш трек/биттің толыққанды лицензиясын сатып алып, Raim&Artur-ға сыйлауды жөн санадым. Бұл лицензия толық болып саналады, яғни заң бұзылмайды. Сол себепті, ешқандай авторлық құқық бұзылмағандықтан, бейнебаянды @gakkutv арнасының YouTube желісінен өшірмейтін болдық.

Барлығын қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын! Үйлерімізде бейбітшілік орнасын! Біреулер пікір ретінде маған: «сіз бастапқыда оларға қолдау білдірдіңіз ғой, қазір де қолдасаңызшы», - деп жазған еді. Сол адам дұрыс айтты деп ойлаймын», - деп жазды продюсер.

Друзья, в общем такое дело. Думаю, что нам казахам, казахстанцам, мусульманам, просто людям не следует иметь какие-то противоречия когда-либо, особенно в священный месяц Рамадан! Я, как старший по возрасту, решил уладить возникшую ситуацию с молодыми ребятами Раимбеком и Артуром по авторским правам на трек «Самая вышка». Думаю, что человек старший по возрасту все же несет больше ответсвенности в любом деле. Уверен, что все усилия, труд нашей команды, старания ребят, симпатии зрителей и слушателей не стоят того, чтобы между нами продолжали существовать какие-либо недопонимания. Поэтому, чтобы не расстраивать зрителей, самих ребят, я решил выкупить полную лицензию на этот трек/бит и подарить ее Raim &Artur @raimkzz @arturrkz Данная лицензия является полной, то есть закон нарушен не будет. В таком случае нам не придётся удалять клип с YouTube канала @gakkutv, без нарушений авторских прав. Поздравляю всех со священным месяцем Рамадан! Мир нашим домам! Кто-то в комментариях написал: вы же изначально поддержали их, поддержите и теперь. Думаю, что этот человек был прав. P.S. Предыдущий пост пока оставлю на время, чтобы всем была понятна изначальная позиция нашей студии во избежание неправильного толкования ситуации в целом.

Публикация от nurtasadambay (@nurtasadambay)

«Самая вышка» әнін жазған Raim&Artur тобы минусы мен аранжировкасын Youtube.com сайтынан алғандарын жеткізген. Бұл туралы жігіттер Tengrinews.kz сайтында айтқан.

«Біз Нұртас Адамбайға екерттік. Бізде «Самая вышка» әнінің екі нұсқасы бар. Біреуі ескі, 2017 жылы шыққан. Біз: «Нұртас аға. Бізде мынадай ән бар, бірақ авторлық құқығы қорғалмаған», - деп айтқан болатынбыз. Минусы мен аранжировкасы Youtube.com-нан алынды. Біз сол әннің авторларымен хабарласып, сатып алуымыздың мүмкіндігі жайлы ой білдірдік. Авторлар жауап бермеді. Минусын басқа аспапқа салып, өңдедік те, қайырмасын өзгерттік. Біздің бұл әнге құқығымыз бар», - деді орындаушылардың бірі Артур Дәулетияров.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

11 шілде 2018, 21:37

Молодец уважуха

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер