È

Нұртас Адамбайдың көңілі бұзылды: «Мен – күйеу жігітпін» фильмінің саундтрегі плагиат болып шықты

Нұртас Адамбайдың көңілі бұзылды: «Мен – күйеу жігітпін» фильмінің саундтрегі плагиат болып шықты

Нұртас Адамбайдың «Мен – күйеу жігітпін» комедиясының саундтрегіне айналған «Самая вышка» танымал әні плагиат болып шықты. Artur & Raim отандық тобының музыкалық туындысы Michael Sanchez Sun meets the Moon американдық әншінің жұмысымен бір сарында екен. Бұл туралы Нұртас Адамбайдың өзі мәлімдеді.

«Самая Вышка» әні – плагиат. Бейнебаян түсірмес бұрын, топтан авторлық құқық жайлы сұрадық. Олар барлығының реттелгенін айтқан. Жақында YouTube-тан «Нұртас Адамбай не жасырып жүр» деген бейнежазбаны көріп, осы әнді орындайтын жігіттердің бірнеше нотаны өзгерткендерін білдім. Бізде осындай дарынды жігіттердің пайда болғанына қуанып, жазып едім. Олай болмай шыққаны өкінішті» (Пунктуация мен орфография сақталған. –Ред.), - деп жазды Instagram-ға продюсер.

Еске салсақ, Адамбай «Мен – күйеу жігітпін» фильміне басты шығарма іздеп жүріп, көп әндердің ішінен «Самая вышка» әнін таңдаған еді. Ол әннің авторлары әрі орындаушылары Оралдық жігіттер - Artur & Raim болатын. Биылғы жылдың ақпан айында топ музыкалық бейнебаян түсіру үшін Алматыға арнайы ұшып келген.

«Біздің студия біреулердің авторлық құқығының бұзылуына қарсы. Сол себепті, бейнебаян түсіріліміне және ТВ айналымына жұмсаған қаражатымызға қарамастан, YouTube арнамыздан бұл бейнебаянды өшіріп тастадық», - деді Нұртас Адамбай.

Продюсердің компаниясы әлеуметтік желідегі жазбасынан бөлек, тағы қандай шара қолданатыны белгісіз. Ән авторларының өзінен әзірге ешқандай жауап жоқ.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер