È

Нұртас Адамбай «Мен - күйеу жігітпін» фильмінің саунтрегін ұсынды

Нұртас Адамбай «Мен - күйеу жігітпін» фильмінің саунтрегін ұсынды

Нұртас Адамбай «Мен - күйеу жігітпін» фильмі саунтрегінің бейнебаянын ұсынды. Картинаның басты музыкалық композициясы Оралдық Artur & Raim тобының «Биік мұнара» әні болды.

«Мен - күйеу жігітпін» фильмі - Тимур жайлы баяндайтын комедиялық таспа. Оған өзінің әріптесі Әлия өтінішпен келеді. Қыз оған өзінің күйеу жігіті болып ойнап беруін өтінеді. Тимур оқиғаның шиеленісіп кетерін білмей, келісім береді. Оқиғаның соңын болжау мүмкін емес.

«Мен - күйеу жігітпін» фильмінен көрініс

Картинаға Гүлнар Сильбаева, Нұртас Адамбай, Санжар Мәди, Алдабек Шалбаев, Данияр Алшынов, Жанна Қуанышева және Әшім Ахметов түсті.

Бейнебаян түсірілімі ақпанның басында Алматы қаласында өтті. Бейнебаянды танымал қоюшы-оператор Азамат Дулатов түсірді.

«Мен - күйеу жігітпін» комедиясы көрсетілімге 2018 жылдың 1 наурызынан бастап шығады.

 

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

17 февраля 2018, 02:02

Трек крутой, аж приятно. Давай дальше дерзай мой земляк.

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса