È

Жанна (Жаннат) Қуанышева

Фильмография рейтингі :

5.85 (9 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Қуанышева Жаннат Шорайқызы - актриса.

    1958 жылы 4-сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

    1978 ж. бері - «Қазақфильм» киностудиясының актрисасы.

    Кинематографшылар Одағының мүшесі (1981); «Қазақфильм» киностудиясы сарапшылар кеңесінің мүшесі; «Киноактер» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі.

    ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1990).

    Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген (1983).

    «Жыл таңдауы - 2011» номинациясы бойынша үздік актриса атанған.

    «Құрмет» орденінің (2001), «Парасат» орденінің (2008) иегері.

    Тұрмыста. Жолдасы - Хұдайбергенов Жамбыл, ұлы - Ержан.

     

    Кинодағы рөлдері:

     

    • 2013 Көшбасшы жолы. Отты жол. Темір тау / Путь лидера. Огненная река. Железная гора (Қазақстан) - дәрігер
    • 2013 Жігіт пен қыз / Он и Она (Қазақстан) – Қыздың анасы
    • 2013 Ештеңеге қарамастан / Вопреки всему (Қазақстан)
    • 2012-2013 25-ші шақырым / 25-й километр (барлық маусымдар, Қазақстан) - Аида
    • 2012 Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман / Книга Легенд. Таинственный Лес (Қазақстан) – ағылшын тілінің үйретушісі
    • 2011 Айналайын (хикая, Казахстан)
    • 2010 Астана – махаббатым менің / Астана – любовь моя (хикая, Қазақстан, Түркия) - Мәриям, Ерланның анасы
    • 2009 Кері жағы / Обратная сторона (Қазақстан) – Санжардың жары
    • 2001-2003 Шегіртке / Саранча (хикая, Қазақстан) - Алма, тележурналист
    • 1996-2000 Тоғысқан тағдырлар / Перекресток (хикая, Қазақстан) - Жанна Сабирова, Тимурдың жары
    • 1994 Үнсіздік кодексі-2 / Кодекс молчания-2 (Ресей, Өзбекстан) - "Мазуттың" әйелі
    • 1993 Әбілқайыр хан / Абулхаир-Хан (Қазақстан) – Бәтима ханым  
    • 1991 Әйелдер түрмесі / Женская тюряга – Мадинаның құрбысы
    • 1990 Кене / Клещ – Ахтановтың жары
    • 1988 Қадам / Шаг | Step, A | 未来への伝言 (КСРО, Жапония) - эпизод
    • 1988 Үшеу / Трое - актриса
    • 1986 Мотоциклдегі адам / Человек на мотоцикле - Әсел
    • 1985 Ұша ғой, тырна / Лети, журавлик - Әсел
    • 1984 Тоғызыншы ұлдан сақтан / Бойся, враг, девятого сына – Күнікей
    • 1983 Өгей әке / Отчим - Әлия
    • 1982 Қауын / Дыня - Зайра – басты рөл
    • 1980 Ебелек / Пора звенящего зноя - Әлима
    • 1980 Біз – ересектерміз / Мы - взрослые - Айна
    • 1979 Ерте келген тырналар / Ранние журавли - мұғалім (Ж. Худайбергенова ретінде)
    • 1979 Қараша қаздар ұшқанда / Когда улетают казарки (қысқаметражды) – басты рөл
    • 1976 Медеудегі кездесулер / Встречи на Медео - Анар, мәнерлеп сырғанаушы
    • 1975 Жұлдызыңды сақта / Храни свою звезду - Салтанат – басты рөл
    • 1975 Махаббат туралы дастан / Притча о любви - Алма – басты рөл

     

    Дыбысталуы:

     

    • 2009 Секер (Қазақстан) - Лена - Ирина Гринева рөлі 
  • Жыл Фильмнің атауы
    1985 Ұша ғой, тырна Актриса
    1993 Мені ұмыт Актриса
    2009 Кері жағы Актриса
    2010 Астана – махаббатым менің Актриса
    2013 Көшбасшы жолы. Отты өзен. Темір тау Актриса
    2013 Жігіт пен қыз Актриса
    2015 Жат Кастинг-директор
    2016 Аудандар Актриса
    2018 Мен - күйеу жігітпін Актриса
  • IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің қазылар алқасы

    Халықаралық қазылар алқасын Oberhausen ISFF іріктеушісі Кристиана Бюхнер басқарады

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Gulzhan Kaya

10 маусым 2014, 21:05

Красавица,умница и настоящее дарование!

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06