È

Нұртас Адамбай «Мен – күйеу жігітпін» фильмінің саундтрегіне бейнебаян түсірді

Нұртас Адамбай «Мен – күйеу жігітпін» фильмінің саундтрегіне бейнебаян түсірді

Нұртас Адамбай «Мен – күйеу жігітпін» комедиясының саундтрегіне бейнебаян түсірді. Фильмнің басты музыкалық композициясы «Биік мұнара» деп аталады, туындыны Оралдан шыққан Davletyarov & Raim жастар тобы жазған.

Бейнебаян түсірілімі Алматыда өтті. Музыкалық бейнебаянның қоюшы-операторы - Азамат Дулатов.

«Мен – күйеу жігітпін» комедиялық фильмі 8 наурыз күні айналымға шығады. Картинаның басты кейіпкерлері – әріптестер. Әлия жағдайға орай Тимурдан бірнеше күнге туыстарының алдында күйеу жігіті болып ойнап беруін өтінеді. Жағдайдың шиеленісіп кететінін білмеген Тимур келісімін береді.

«Мен - күйеу жігітпін» фильмінен көрініс
«Мен - күйеу жігітпін» фильмінен көрініс

Фильмге Гүлнар Сильбаева, Нұртас Адамбай, Санжар Мәди және Жанна Қуанышева түсті.

Көрермендердің бейнебаянды қашан тамашалайтыны әзірге белгісіз.

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Дания Кузембаева

2 февраля 2018, 12:08

Молодцы ребята!

Даник

2 февраля 2018, 23:39

Ждем фильм!

Maxim Bogomolov

5 февраля 2018, 16:21

Где клип посмотреть можно?

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса