Нұртас Адамбайдың «Мен – күйеу жігітпін!» комедиясының шығу күні белгілі болды
Нұртас Адамбай «Мен – күйеу жігітпін!» комедиясының ресми трейлерін жарыққа шығарды. Ол бұл туындыда режиссер, сценарист әрі продюсер болды. Кинотаспа отандық экранға 2018 жылы 1 наурызда шықпақ.
«Мен – күйеу жігітпін!» комедиясы қауіпті шиеленіске тап болатын әріптестер туралы баяндайды. Азамат әріптесінің сұрауымен жалған жігіті болуға келіседі. Кейіпкер қыздың туыстарымен танысып, бес күндік демалысты бірге өткізуі тиіс. Бірақ, күн сайын жағдай ушыға түседі, кейіпкердің өтірігі шығып қалуы мүмкін.
Басты рөлдерді Нұртас Адамбай, Гүлнар Сильбаева және Санжар Мәди сомдады.

«Мен - күйеу жігітпін!» фильмінен көрініс
Кинотаспа «5 күндік күйеу жігіт» деген уақытша атаумен Алматыда түсірілген болатын. Түсірілімге Жан Байжанбаев, Жанна Қуанышева, Алдабек Шалбаев, Әшім Ахметов және Данияр Алшынов атсалысты.
Еске салсақ, Nurtas production «Мен – күйеу жігітпін!» фильмін 14 күннің ішінде түсіріп, рекорд жасады. Ал «Сәбина келін» және «Жеделсаты» картиналары 16-17 күннің ішінде түсірілген.






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
14 января 2018, 02:31О да, классно.