Нұртас Адамбай «5 күндік күйеу жігіт» комедиясын түсіруде
Отандық режиссер Нұртас Адамбай («Тараз») «5 күндік күйеу жігіт» («Жених на 5 дней») фильмінің түсіріліміне кірісті. Режиссердің айтуы бойынша, аталмыш комедиялық таспаны түсіруге көптеген көрермендердің сұраныстары себеп болған.
«Шынымды айтсам, мен кезекті драмамды түсіруді жоспарлап жүрген едім. Дегенмен, көрермен менен комедия туралы ұмытпауымды сұрағандықтан, бас тарта алмадым. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздаршы, достар! Қызықты туынды дүниеге келеді деп үміттенемін»,-деп жазды Нұртас Адамбай өзінің Instagram парақшасына.
Суреттер: comode.kz
«5 күндік күйеу жігіт» фильмі – отбасылық романтикалық комедия. Картинадағы басты әйел рөлін актриса, тележүргізуші әрі «Қазақтар» КТК тобының мүшесі Гүлнара Сильбаева сомдайды. Актрисаның фильмографиясында «Сыныптастар» мен «Базарбаевтар» хикаялары, «Сүт, қаймақ, қатық» және «Гламур для дур» кинотаспалары бар.
Адамбай басты ер азамат рөлін өзіне сеніп тапсырды.
Айта кету керек, «5 күндік күйеу жігіт» жобасы Гүлнара Сильбаева мен Нұртас Адамбай үшін бірігіп жасаған алғашқы жұмыстары болмақ.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін