È

Нұртас Адамбай «Жедел саты» фильмінің трейлерін ұсынды

Нұртас Адамбай «Жедел саты» фильмінің трейлерін ұсынды

Nurtas Production компаниясы «Жедел саты» фильмінің ресми трейлерін ұсынды. Психологиялық триллердің кейіпкерлерін Жандос Айбасов пен Ісбек Әбілмәжінов сомдады.

«Жедел саты» қоғамдағы екі санаттың өкілі – күзетші мен кәсіпкер туралы баяндайды. Кейіпкерлер жағдайға орай, жедел сатыға қамалып қалады да, сол жерде үш тәулікті бірге өткізуге мәжбүр болады. Әрқайсысының өзіндік өмірлік көзқарастары бар, екеуі де солардан ауытқымауға тырысады.

«Жедел саты» фильмінен көрініс

Режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбайдың айтуынша, «Жедел саты» - екі түрлі өмірлік көзқарастың қақтығысуы.

Фильм түсірілімі 2017 жылы 11 ақпанда басталып, 16 күнге созылған. Картина Алматыда түсірілді.

Триллер айналымға жуық арада шығады.

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Дания Кузембаева

1 февраля 2018, 14:17

Один из лучших режиссеров страны! С нетерпением жду выхода фильма!

Дания Кузембаева

1 февраля 2018, 14:53

Жандос Айбасов такой красивый)

Таныс бейне

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер