È

Нұртас Адамбай «Лифт» фильмінің түсірілімін аяқтады

Нұртас Адамбай «Лифт» фильмінің түсірілімін аяқтады

Жақында Нұртас Адамбайдың «Лифт» фильмінің түсірілімі аяқталды. Психологиялық драма-триллер Алматыда Жандос Айбасовтың («Районы») және Ісбек Әбілмәжіновтың («Кемпір») қатысуымен өтті.

«Лифт» фильмі - қоғамдағы екі тап өкілінің түрлі көзқарастары: бірі байдың баласы, екіншісі қарапайым күзетші.Екі кейіпкер де үш тәулікке лифтіге қамалып қалады. Осы уақыт ішінде екі кейіпкер де өздерінің өмірдегі қағидаларының дұрыстығын дәлелдеуге тырысады.

«Фильмде мен Асқардың рөлін ойнадым, ол – қарапайым күзетші. Ол кеңес заманының адамы, оған нарық заманында өмір сүру өте қиын. Күн сайын Асқар қазіргі жастардың қалай өмір сүретінін, олардың арасындағы қарым-қатынасты, олардың ақшаны қалай жарататындарын қадағалап жүреді. Ол өзіне өзі сұрақ қояды: «Олар үшін, жалпы қоғам үшін құндылық деген не?» Осы орайда екі кейіпкердің арасында қайшылық туады. Нұртас Адамбай о баста Асқардың рөлін маған тапсырды, сондықтан кастинг өткізілген жоқ. Мен режиссердың және көрерменнің сенімін ақтаймын деп үміттенемін», - дейді Ісбек Әбілмәжінов.

Актер үшін Лифт» - бұл Адамбаймен бірге жұмыс істеген екінші жобасы. Бұған дейін ол «Побег из аула. Операция «Махаббат» комедиясында эпизодтық рөл ойнаған болатын.

Қазақстандық көрермен триллерге 2017 жылдың күзінде өз бағасын бере алады.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

6 наурыз 2017, 21:18

Ну ждем теперь осени, нверное в ноябре выйдет.

Махаббат Ешкаева

18 апреля 2017, 22:06

Уау, незаурядный сюжет

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер