È

Нұржұман Ықтымбаев «Ақ Ілбіріс» киножүлдесінің лауреаты атанды

Нұржұман Ықтымбаев «Ақ Ілбіріс» киножүлдесінің лауреаты атанды

Отандық актер Нұржұман Ықтымбаев Қырғызстанның «Ақ Ілбіріс» Ұлттық киножүлдесінің лауреаты атанды. Қазақстанның Халық әртісін «Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесімен марапаттайды.

Нұржұман Ықтымбаев - 80-ге жуық кинокартиналардағы рөлдерді сомдаған актер. Әсіресе, ол көрермендерге «Мәншүк туралы жыр», «Атаманның ақыры», «Шыңғыс хан», «Сталинге сыйлық» және «Кешіккен махаббат» секілді фильмдермен жақсы таныс. Актерлік мансабында Нұржұман Ықтымбаев «Тарлан» сыйлығын, «Парасат» Орденін, 2009 жылы «Шәкен жұлдыздары» ХКФ-нің «Үздік актер» аталымын және Бүкіл америкалық өнерді қолдау қауымдастығының арнайы жүлдесін иеленді.

«Ақ Ілбіріс» Ұлттық киножүлдесі 2012 жылы Қырғыстанның кинематографшылар одағымен, «Айтыш» қоғамдық қорымен және киноны дамыту қорымен құрылған болатын. «Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін» жүлдесі әр жылдары Наталья Арынбасароваға, түрікмендік режиссер Ходжакули Нарлиев пен Али Хамраевқа табысталған болатын.

Жетінші жүлде лауреаттарын марапаттау рәсімі 27 сәуірде Бішкекте өтеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер