È

«Оно 2»: түсірілім басталды

«Оно 2»: түсірілім басталды

Стивен Кинг романы бойынша былтыр табысты болған «Оно» хоррорының екінші бөлімінің түсірілімінің басталғаны туралы ресми түрде хабарланды. Түсірілімді басқарып отырған режиссер Андрес Мускетти 2019 жылғы ең көп күтілген фильмнің түсірілім кезеңі 86 күннен аспайды деп жоспарлап отыр. Бұл қорқынышты фильмдерге арналған дәстүрлі әдістен аздап асады, бірақ «Оно 2» көрсетілімі осы жанрдағы дәстүрлі фильм ретінде жоспарланып отырған жоқ.

«Оно» бірінші бөлімінің табысы Мускеттиге түсірілім экспедициясының ұзақтығын көбейтуге ғана емес, сонымен қатар мықты актерлік құрамды таңдауға көмектесті, оған басты рөлдерді сомдаушы ретінде Джессика Честейн, Джеймс МакЭвой және Билл Хейдер енді. «Оно 2» картинасындағы оқиға есейіп кеткен кейіпкерлермен байланысты болады және бірінші бөлімде көрсетілген оқиғалардан кейін 27 жыл өткен уақытты суреттейді.

Өзінің жақында берген сұхбатында Билл Хейдер түсірілім алаңында ғажайып эмоционалды атмосфераның орнағанын айтты: «Маған өте ұнайды. Бұл өте эмоционалды. Керемет актерлік құрам... Бұл расында да қорқынышты болатын сияқты, бірақ осының барлығы керемет эмоциялар тудырғанына таң қалдым. Бұл шынымен адамдар жайлы шынайы оқиға және барлық кейіпкерлердің ерекше зақымы туралы хикая».

«Оно 2» хорроры 2019 жылдың 5 қыркүйегінен бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер