È

«Қауіпті кәсіп»: Мексикадағы шытырман оқиғалар жайындағы қара комедияның алғашқы трейлері

«Қауіпті кәсіп»: Мексикадағы шытырман оқиғалар жайындағы қара комедияның алғашқы трейлері

Amazon Studios-тың «Қауіпті кәсіп» фильмінің трейлерінен Шарлиз Терон («Жойқын ақсары қыз», «Ессіз Макс: Қаһарлы жол») кейіпкерінің іскерлік жоспарларының күл-талқаны шыққанын көреміз. Таспада қара комедия, атыс-шабыс пен драмалық шиеленіс бар.

«Қауіпті кәсіп» заң жолымен жүретін кәсіпкер Гарольд Сойинкті (Дэвид Ойелоуо, «Сарай қызметшісі», «Джек Ричер») көрсетеді. Ол Мексикаға барып, есірткі саудасына қатысты мәселелерді шешуге мәжбүр болады. Кейіпкерді кәсіпкер әріптестері – есірткі саудасымен айналысатын жергілікті адамдар мен арнайы қызметкерлерден тұратын қызметшілерінен айырылғандар аңдып жүреді де, оны үйіне қайтаруға тырысады.

«Қауіпті кәсіп» - Нэш Эдгертонның толық метрдегі режиссерлік дебюті, ол көпшілікке «Матрица: Қайта құру» және «Джейн қолына қару алды» фильмдеріндегі актерлік жұмысы арқылы таныс.

Трейлердің басында іскер серіктестер (Шарлиз Терон мен Джоэл Эдгертон) құрамында марихуанасы бар дәрілерді сату жөнінде келіссөз жүргізеді. Теронның басты қаруы – сексуалды тартымдылығы.

«Қараңыздар, көпшілігі Базз Олдриннің Аймен жүргенін айтады. Бірақ, жындының өзі Айға ең алғаш Нил Армстронгтың ұшқанын біледі ғой. Неліктен оның бірінші болғанын білесіздер ме? Себебі, ол Базз Олдринді жолынан алып тастап, тарихын өзі жасады», - дейді сенімді түрде Терон екі кәсіпкерге. Олар келіссөзден соң құпия формуланы зертханаға жеткізу үшін Ойелоуоның кейіпкерін Мексикаға жібереді. Есірткі саудасымен айналысатындар оны ұстап алған соң, өтемақы ретінде 5 миллион доллар талап етеді, осы тұста қылмыстық сюжет қауіпті әрі көңілді хикаяға айналады.

«Қауіпті кәсіп» Қазақстандағы айналымға 2018 жылдың 19 сәуірінде шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер