Абайлаңыз, әйелдер!
23 маусымда «Жас сахна» театрының сахнасында Андрей Курейчиктің «Осторожно, женщины» спектаклі сахналанады. Француз комедиясы екі актіде Серж атты кейіпкердің махаббат оқиғасы жайлы баяндайды. Қоюшы-режиссеры Бүкіләлемдік театрландырылған мерекелер фестивалінің лауреаты Вениамин Ким.
Бас кейіпкерлердің бірін актриса Жанель Мақажанова ойнайды, ол «Болашақ», «Возвращение в А» және «Сырғалым», «Побег из аула» сериалдары арқылы белгілі.

Жанель Мақажанова
«Мен Сарбона университетінің студенті Лулудың рөлін ойнадым. Ол өте мейірімді, нәзік, таза қыз. Ол Сержді кездестіреді де, онымен алғашқы түнін өткізуді ұйғарады. Бірақ оның жоспарын басқа әйелдер бұзады. Бірақ соңында Лулу болған жайттың барлығы жақсы болғанын түсінеді. Менің кейіпкермен мінезімде ешқандай ұқсастық жоқ Бір әртүрліміз», - дейді актриса.
Сондай-ақ Жанель түсірілім алаңы мен театр сахнасының бірін таңдау ол үшін өте қиын екенін айтты. «Мен кино мен театрды бөліп, жара алмаймын. Маған көрерменнің алдында да, камераның алдында да рөл ойнаған ұнайды», - дейді ол.
Спектакльде ҚР еңбек сіңірген әртістері Татьяна Цой, Арлан Касиманов, Жанель Мақажанова, Алиса Синтхалат ойнайды.
Спектакль 23 маусымда сағат 19:00-де.
Әйгерім Қасқыр






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін