«Оскар» жүлдесін салтанатты табыстаудың алдында Лос-Анжелесте ерекше ескерткіш пайда болды

Лос-Анджелесте «Пластикалық Иисус» лақап атымен танылған белгілі көше суретшісі Харви Вайнштейннің жібек халатпен диванда отырған ескерткішін ұсынды. «Оскар» жүлдесін салтанатты табыстаудың алдында арнайы ашылған ескерткіштің атауы – «Диванды кастинг».
«Пластикалық Иисус» және әріптесі Джошуа Монро екеуі мүсінді 4 наурызда басты шоу өтетін Dolby Theater-ға жақын жердегі голливудтық бульварға орналастырды. Алтын Ванштейн жібек киім мен аяғына сүйретпе киген, ал диван қызыл кілемнің үстінде тұр. Масқара болған продюсер аяғының ортасында «Оскар» мүсіншесін ұстап отыр, онымен өзінің мүшесін тұспалдайтын секілді.

«Диванды кастинг» актерлік саладағы ерлер мен әйелдердің рөлдерді алу үшін Ванштейн сияқты продюсерлердің жыныстық қатынастағы құрбанына айналатынын тұспалдайды.
«Мен соңғы төрт жылда «Оскар» марапаттау рәсімінің алдында балама мүсіншілерді жасап келемін. Мұның барлығы Голливудтың тасасында қалған өзекті мәселелер болып саналатын нашақорлық, дін және жыныстық күш көрсету мәселелеріне назар аударту»,- деп жазылған суретшінің жеке парақшасындағы хабарламасында.

.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін