«Жүзбен жүгіруші 2049» фильмінің алғашқы трейлері
«Warner Borthers» студиясы Джаред Лето, Райан Гослинг, Харрисон Форд және Робин Райттың қатысуымен «Жүзбен жүгіруші 2049» жаңа фильмінің алғашқы трейлерін кең аудиторияға таныстырды. Ридли Скоттың әйгілі фильмінің жалғасының режиссері - Дени Вильнёв.
Фильм 30 күннен кейінгі оқиғаны баяндайды. Райан Гослингтің сомдауындағы полиция офицері Кей құпия мәліметті біліп қояды. Барлық адамзатқа үлкен қауіп төніп тұр. Ол шешімді табу мақсатымен Рик Декардты іздейді, жаңа фильмде оны Харрисон Форд сомдайды. Рик Декард – көп жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Лос-Анджелес полициясының арнайы бөлімінің бұрынғы офицері.
Фильм тұсаукесері 5-қазанда болады.
Фильмнің Қазақстан аймағындағы ресми өкілі «Меломан» компаниясы болып табылады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін