È

«Жамылғы және қанжар» Marvel-дің жаңа хикаясының бірінші маусымына арналған ақтық трейлер

«Жамылғы және қанжар» Marvel-дің жаңа хикаясының бірінші маусымына арналған ақтық трейлер

Ресми көрсетілімнен алты апта бұрын Marvel студиясы «Жамылғы және қанжар» хикаясының бірінші маусымына арналған трейлерді ұсынды. Жасөспірімдерге арналған хикаяның сынамалы бөлімі биылғы жылдың наурыз айында «Оңтүстік арқылы оңтүстік-батысқа қарай» (SXSW) фестивалінде ұсынылған болатын. Аталмыш хикаядағы үлкен өмірге қадам басқалы тұрған әртүрлі әлеуметтік топтағы жасөспірімдерді Оливия Холт («Статус: Жаңартылған», «Әйгілі өрмекші адам») пен Обри Джозеф («Бір күні түнде» хикаясы) секілді жұлдыздар сомдайды.

Бір күні ауқатты отбасының кішкентай қызы Тэнди Боуэн (Оливия Холт) отбасы мүшелерінің барлығына зиян әкелетін дауылдың куәгері болады және бұл оқиға оның өмірін өзгертеді. Тайрон Джонсонмен (Обри Жозеф) күтпеген танысудан кейін, оның өмірінде бірқатар оқиғалар орын алады.Тайрон барлығына өзінің ештеңеден қорықпайтынын дәлелдегісі келеді, бірақ барлық жақындары қаза тапқан кезде оның қорқыныш сезімі пайда болады.

Жыл өткен сайын Джозефтің кейіпкері тұйықтала түседі. Бірақ Тэндимен кездесуі оның өмірін толықтай өзгертеді. Тайрон мен Тэнди ерекше қабілетке ие болады. Жас жігіт қараңғы күштерді бақылай алатын жамылғыға айналады, ал қыз – қанжармен жарық сәулесін құра алатын күшке ие болады.

«Жамылғы және қанжар» фантастикалық хикаясының көрсетілімі 2018 жылдың 7 маусымында Freeform арнасында өтеді.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер