Мэрион Крэйннің рөлін Альфред Хичкоктың «Психо» триллерінде ең алғаш Джанет Ли ойнады. Фильмде қырық мың долларды ұрлаған басты кейіпкер есерсоқ Норман Бейтстің құрбанына айналады, ол Крэйн тоқтаған қонақ үйдің иесі.
2013жылдан бастап A&E телеарнасы «Мотель Бейтсов» оқиғасы бойынша сериал түсіріп келеді. Сюжетте шешесі мен баласы Норма және Норман Бейтстер туралы баяндалады. Сериал Хичкок фильмінің приквелі тәрізді, ал оқиға біздің заманымызда болып жатыр.
Сан-Диегодағы Comic-Con байқауында фильмді түсірушілер «Мотель Бэйтсов» сериалының бесінші маусымының қорытынды сериаларында Мэрион Крэйннің рөлін барбадосстық әнші әрі актриса Рианна ойнайтынын жариялады. Рианнаның өзі сериалдың табынушыларының бірі екен. Сондықтан ол бұл рөлге қуана-қуана келіскен.