È

«Соңғы жауынгер»: айналым рекорды

«Соңғы жауынгер»: айналым рекорды

Өткен аптаның нәтижесі бойынша Disney және Yellow, Black and White-тың «Соңғы жауынгер» фильмі бұрын-соңды Ресей мен ТМД елдеріне айналымға шыққан Ресей өндірісіндегі картиналарының арасындағы ең жоғарғы касса жинаған туынды атанды.

«Мен айналым тарихында ресейлік фильмнің, яғни «Соңғы жауынгер» отбасылық ертегісінің ең көп касса жинағаны үшін қуаныштымын» - деді Ресейдегі сөзінде Disney компаниясының бас директоры Марина Жигалова Озкан. «11 жыл бұрын Disney ресейлік кеңсесін ашқанымызда, кинотеатрларға осы жанрдың сұранысқа ие болатынын айтып, көндіруге тура келген еді. Фильм көруге келген барша көрермендерге шексіз алғысымды білдіремін. Барлығымыз ресейлік отбасылық киноның сұраныста екенін дәлелдедік! Ертегіге сенгендеріңіз үшін көп рахмет!».

«Ресей киноайналымы тарихында ең көп касса жинаған фильм ретінде танылғанымызға қатты қуанамыз.»,-деді Yellow, Black and White компаниясының бас продюсері Эдуард Илоян. «Ертегімізді түсіруге атсалысқан барша жандарға, әсіресе серіктестеріміз – Disney компаниясына, Yellow, Black and White сценаристеріне және авторлық топтың жетекшісі Виталия Шляппо, сондай-ақ бірнеше хитті бірге жасаған режиссёр Дмитрий Дьяченкоға алғысымды білдіремін. Көрерменнің жұмысымызды лайықты бағалағаны үшін бақыттымын».

Осылайша, 19 қазан мен 26 қараша аралығында «Соңғы жауынгер» ертегі хикаясының жалпы жинағы Ресей мен ТМД аумағында 29,1 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстан аумағында - 185 216 537 теңге (560 600 АҚШ доллары).

Disney мен Yellow, Black and White-тың «Соңғы жауынгер» фильмі Ресей мен ТМД елдерінде кең айналымға шыққан көркем және анимациялық фильмдердің арасында ең көп касса жинаған туындылар рейтингісінде 12 орынға ие болды.

Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы - Meloman Entertainment компаниясы.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

10 желтоқсан 2017, 02:01

Россия решила в глобус взять или же в голливуд держит путь

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер