«Шындық немесе әрекет»: Blumhouse Productions хоррорының жаңа трейлері
Universal Blumhouse Productions «Шындық немесе әрекет» хикаясының жаңа трейлерін жарыққа шығарды. Картинадағы басты рөлдерді Люси Хейл («Сүйкімді алдамшылар» хикаясы) және Тайлер Пози («Йогашылар», «Айқай» хикаясы) сомдайды.
Оқиға «Шындық немесе әрекет» қауіпсіз көңілді ойын айналасында өрбиді, бұл ойынды сауық кеші кезінде достармен ойнауға болады. Ойын ережесі бойынша әр қатысушы басқа ойыншыларға арналған сұрақтар дайындайды. Одан бөлек, әрқайсысы біртүрлі болып көрінетін, ойландыратын көңілді әрекеттер тізімін жасайды.
Бірақ, фильмде «Шындық немесе әрекет» ойынын бастаған достар үшін қауіпсіз әрі көңілді ойын триллерге айналады, барлық қатысушылар әрекет етуден бас тартып, өздерін қауіпті сынаққа итермелейді. Таспамен белгілі режиссер Джефф Уодлоу («Ешқашан берілме», «Пипец 2») айналысты.
Былтырғы жылы Universal Blumhouse хоррорларының өндірісінен жақсы табыс тапты. «Сплит» әлем бойынша 280 миллион доллар жинады, ал «Аулақ» - 250 миллион. «Шындық немесе әрекет» тұсаукесері осы жылдың 27 сәуіріне жоспарланып отыр.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін