«Кингсман: Золотой круг» фильм трейлерінің тұсаукесері
Желіде «Кингсман: Золотой круг» картинасы трейлерінің тұсауы кесілді, бұл «Кингсман: Секретная служба» фильмінің жалғасы болып табылады.
Фильмнің бұрынғы құрамына танымал жаңа актерлар: Ченнинг Татум, Джулианна Мур, Холли Берри және Элтон Джон қосылды. Сондай-ақ, басты рөлдерді Тарон Эджертон мен Колин Ферт сомдайды.
Мэттью Вонның жаңа өткір сюжетті фильмі әзілден де кенде емес.
Екінші бөлімінде Колин Ферттің кейіпкері Гарри Харт көзі байлаулы күйінде пайда болады. Оны трейлер арқылы көре аламыз, бірақ кейіпкер сюжет бойынша бірінші бөлімінде о дүниелік болған еді.
Фильм идеясы Дэйв Гиббонс мен Марк Миллардың «Секретная служба» картинасынан алынған.
Фильмнің бірінші бөлімін көрермендер жылы қабылдап, картина 415 миллион доллар касса жинаған еді.
Сиквелдің тұсаукесері 22 қыркүйекте болады.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
27 апреля 2017, 21:01на раз фильм можно.