È

Елбасы Асанәлі Әшімовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Елбасы Асанәлі Әшімовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Қазақстанның Халық әртісі, режиссер, театр және кино актері Асанәлі Әшімов «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. Құрметті атақ Мәдениет қайраткеріне мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан берілді.

Асанәлі Әшімов Әшімұлы - театр және кино актері, режиссер, сценарист, ұстаз, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық әртісі, «Құрмет», «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері. Кино жүлделерінің арасында «Шәкен жұлдыздары» (2003) фестивалінде «Аға, мен сені өлтіремін» («Дядя, я тебя убью») фильміндегі үздік ер азамат рөлі үшін сыйлыққа, «Тарлан» ұлттық жүлдесіне, «Қазақфильм» киностудиясының жұлдыздар аллеясында өз есімімен аталған жұлдызға ие болған.

Актердің кинодағы дебюті 1958 жылы түсірілген «Ботагөз» кинотуындысынан басталды. Дегенмен, Асанәлі Әшімов көрерменнің есінде «Қыз-Жібек» фильміндегі Бекежанның рөлі арқылы көбірек қалды. Одан кейін, Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры» картинасындағы Чадьяров туралы трилогияның бастауы болған әйгілі рөлімен танылды. Әртістің фильмографиясында кинодағы рөлдері 40 шақты болса, театрдағы рөлдері 50-ге жеткен. Қазіргі таңда, актер Хуат Ахметовтың «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» кинокартинасының түсіріліміне дайындалып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның Еңбек Ері» - экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы ерекше нәтижелер үшін берілетін Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі белгісі. Аталмыш атақты иеленушілерге «Отан» ордені мен алтын жұлдыз табысталады.

 

Суреттер: Akorda.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер