È

Асанәлі Әшімов «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» фильміндегі жаңа рөлі туралы айтып берді

Асанәлі Әшімов «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» фильміндегі жаңа рөлі туралы айтып берді. Қазақстан киносы

ҚР Халық әртісі, танымал театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімов жаңа фильмнің түсіріліміне дайындалу үстінде. Актер Хуат Ахметовтың «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» атты картинасында басты рөлді сомдайтын болады. Айта кету керек, кино қайраткерінің екеуі де «Сіз кімсіз, Ка мырза?» драмасында бірге жұмыс істеген.

«Мен 2014 жылы Хуат Ахметовке осы фильмді түсіру туралы ұсыныс тастаған болатынмын. Көпшілігі аталмыш картинаның Чадьяровтың немесе Ка мырза туралы оқиғаның жалғасы деп ойлауы мүмкін. Бірақ, бұл мүлдем басқа кейіпкер мен бөлек оқиға. Менің кейіпкерім – қартайған шағында өркениеттен алысырақ тұруды қалаған бірнеше тіл білетін ақсүйек. Ол кішігірім шаруашылықпен айналысып, тамақ пен қажетті заттармен өз-өзін қамтамасыз етіп отырады. Мен өз тарапымнан фильмге «Тірі рух» («Живой дух») деп атауды ұсындым. Алдағы уақытта осы атаумен жұмыс істейтін боламыз деп ойлаймын. Арнайы түсірілім үшін көп уақыттан бері сақал өсіріп жүрмін»,-деп бөлісті халық әртісі.

«Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» атты уақытша атауы бар кинотаспа – бұл соңғы жылдарын сүріп жүрген Ағатай ата мен қарттың үйіне кіріп алған жетім бала туралы оқиға. Тағдырдың бұл тосын кездесуі екі кейіпкердің де өмірін түбегейлі өзгертеді.

Қазіргі таңда актерлар таңдалып жатыр, қажетті реквизиттер мен кейіпкерлердің киімдері дайындалу үстінде.

Асанәлі Әшімовтің сөзінше, көркем фильмнің түсірілімі 2017 жылы мамыр айының соңында басталуы керек.

 

Превью: Роза Есенқұлова

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист