È

Алматыда Асанәлі Әшімов туралы «Шарайна - шындық шебері» фильмі көрсетілді

Алматыда Асанәлі Әшімов туралы «Шарайна - шындық шебері» фильмі көрсетілді. Қазақстан киносы

Алматыда ҚР Халық әртісі, театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімовтың 80-жылдығына орай «Шарайна - шындық шебері» фильмінің көрсетілімі болып өтті. Әртістің шығармашылығына арналған деректі фильмді Бахыт Қайырбеков түсірген.

«Бахыт Қайырбеков білек сыбана кіріскен екен. Фильм өте жақсы шығыпты. Ең бастысы, ол тек менің шығармашылығымды ғана бар қырынан көрсетіп қоймай, жеке басыма қатысты дүниелерді де ұсынған. Мен туралы 4-5 фильм түсірілген, бірақ осы туындыны үздіктердің бірі деп айта аламын. Дегенмен, нақты бағасын әрине, көрермен халық береді»,-деді Асанәлі Әшімов.

«Шарайна - шындық шебері» фильмі Асанәлі Әшімовтың өмірі мен шығармашылығын баяндайды. Кейіпкер балалық шағы туралы, театр училищесіне түскен кезін, өміріндегі қайғылы жағдайлар мен қуанышты сәттер жайында көрермендерге өзі айтып береді. Картина 2012 жылы түсіріліп, көрермен назарына актердің 75-жылдығы қарсаңында ұсынылған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, біздің сүйікті әртісіміз 9-мамыр күні 80-жылдығын тойлайды. Осыншалықты жасына қарамастан Асанәлі Әшімов әлі де киноларға түсіп, тетар қойылымдарына қатысып жүр. Бүгінгі таңда ол «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» картинасының түсіріліміне дайындалу үстінде.

«Қазақфильм» киностудиясы басшылығының мәлемдеуінше, әртістің мерейтойына орай Алматы кинотеатрларында және «Ел арна» телеарнасында оның қатысуындағы фильмдер көрсетілетін болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер