Жұлдызды жұптың ажырасуы жай ғана алыпқашпа сөз көрінгенімен, рас болып шықты. Развод знаменитой звездной пара Анджелинаның адвокаты Роберт Оффер актрисаның ажырасуға арыз бергенін растады.
Ажырасудың себебі барлық БАҚ күткендей көзге шөп салу емес, «татуласуға келмейтін ұрыс-керіс». Яғни, бұл жерде балалар тәрбиесіндегі жұбайлардың әртүрлі көзқарасы себеп болып отыр.Актрисаның айтуыша, осы себептен отбасында айғай-шу үнемі тыйылмайды, сондықтан ол ажырасып, балалардың тәрбиесімен өзі ғана айналыспақ.Осылайша ол үйде тыныш, жайдары атмосфера қалыптастырмақ.
Питт пен Джоли арасындағы қарым-қатынас «Мистер и миссис Смит» фильмінің түсірілім кезінде басталды. Фильмде олар ерлі-зайыптыларды ойнаған болатын, кейіннен экрандағы махаббат шынайы өмірде жалғасын тапты.
Питт ойнаған соңғы фильм «Союзники» деп аталады. Оның әріптестерінің ішінде Марион Котийяр және Лиззи Каплан ойнайды. Питтің Марион Котийярмен арасында махаббат байланысы бар екендігі жиі айтылып жүр.