È

Тұнғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты сот жалғасуда

Тұнғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты сот жалғасуда

Алматы қаласының Медеу аудандық №2 қалалық сотында 69 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған «Қазақфильм» қызметкерлеріне қатысты сот ісі жүріп жатыр. Аталған қаржы режиссер Талғад Жаныбековтың «Феникс» фильмінің түсіріліміне бөлінген болатын, қазіргі кезде режиссер де тұтқындалған.

Естеріңізге сала кетейік, бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен «Феникс» фильмінің продюсері әрі «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС басшысы Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған еді. Тергеу барысында киностудия «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС есепшотына 79 миллион теңге бөлінгені белгілі болды. Соның 69 миллионын әртістер қолды еткен, қаржыны жалдамалы компаниялар арқылы алған. Кейіннен Жаманқұлов өзінің кінәсін мойындап, соттың шешімімен ақшаны қайтаруға міндеттелді.

Қайта тергеу барысында Жаманұүлов мырзадан басқа «Қазақфильмнің» қаржы және экономика бөлімінің жиректоры Гаухар Ысұакованың, фильм продюсері Наталья Юдинаның, фильм редакторы Ғизат Сұлтановтың қатысуымен өткен сот отырсында Илья Коробейниковтың, картинаның екінші режиссеры Біжан Әбішевтің және түсірілім тобының директоры Мәрлен Әбішевтің қылмысқа қатысы барлығ анықталды. Істің барлық фигуранттары 189 бап «Өзге біреудің сеніп тапсырған мүлкін иемденіп, талан-таражға салу» бойынша айыпталды.

Айта кету керек, бұл «Феникс» фильмінің төңірегіндегі алғашқы дау емес. Осыдан бір жыл бұрын Талгад Жаныбеков ҚР Мәдениет жіне спорт министрі Арыстанбек Сұхамедиұлын ақша бопсалады деп айыптап, қылмыстық іс қозғалған болатын. Алайда іс министрге қатысты толық деректер мен куәгерлердің болмауына байланысты аяқталған болатын, нәтижесінде Жаныбековтың өзі істі болды.

 

Превью: Tengrinews.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер