È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
  • «Кешіріңдерші бізді, балалар...» Нұртас Адамбай мен Санжар Мәди Кемероводағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

«Кешіріңдерші бізді, балалар...» Нұртас Адамбай мен Санжар Мәди Кемероводағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

  • 27 Наурыз, 2018
  • BrodKaz
  • 2 097
  • 0
«Кешіріңдерші бізді, балалар...» Нұртас Адамбай мен Санжар Мәди Кемероводағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Ресейлік Кемерово қаласында болған өрт БАҚ пен қоғамды дүрліктірді. Киноқайраткерлердің арасында Нұртас Адамбай оқиға құрбандарына көңіл айтып, кейбір отандастарымыздың болған оқиғаға қатысты бей-жайлығына таңданысын жасыра алмады.

«Кемерова қаласында тірідей жүздеген адам жанып кетті, оның көпшілігі – балалар! Мен жазылған адамдарға дәл бүгін парақшаларына әндерді, бейнебаяндарды, әзілдерді, спортзалдағы суреттерді, тағамдар мен жарнамаларды салу соншалықты маңызды болғаны ма? Сіздер қалайша біреудің қайғысына бей-жай қарай аласыздар?

Иә, бұл жағдай біздің елде орын алған жоқ және біздің басымыздан өткен жоқ. Бірақ, олар қарапайым өмір сүріп жатқан бейбіт адамдар еді ғой! Біз бен сіз сияқты! Ол жердегі балалар кинотеатрға қамалып, үлкендерді көмекке шақырған және өздерінің өлетінін біліп, ата-аналарына хабарласып, қоштасып қалған!

Ал сіздер өздеріңіздің әзілдеріңізбен, әндеріңізбен әлексіздер. Бұл масқара. Бұдан басқа сөзім жоқ (Орфография және пунктуация сақталған. – Ред. алқ.)»,- деп жазды Инстаграм желісінде Нұртас Адамбай.

Кемерово... В прошлом году во время поездки в США я познакомился с ребятами казахами, живущими там. Один из них, мой земляк из Тараза, рассказал историю о том, как где-то через полгода его пребывания в штатах вместе с семьей у них дома случился несчастный случай.

Публикация от nurtasadambay (@nurtasadambay) 26 Мар 2018 в 11:47 PDT

Кемероводағы қайғылы жағдайға қатысты актер Санжар Мәди де өз пікірін білдірді. Ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында жемқорлық пен оның салдары жайлы ойларымен бөлісті.

«Біз жемқорлықтың не екенін туылмай жатып білеміз. Перзентхананы және қолымыз жететін дәрігерлер мен бөлмелерді де таңдаймыз, тіпті, басқасын айтпағанның өзінде, балаға зиян келмеуін де ақшамен шешеміз.

Әрі қарай жолымыз болып, өмір сүріп кетсек, балабақша іздейміз. Қай жерде тегін балабақша бар және балаларды қабылдауға дайын, айтыңыздаршы?! Өтіндіңіз, кішкентай тентекті ақыры қабылдады. Міне, кішкентай жеңіс.

...Содан кейін жүргізуші куәлігі, сосын әскерден «құтылып» кету, оқуға тапсыру, алғашқы емтиханда да топпен жинау керек, алғашқы жол полициясы, сосын екіншісі, қалтаңнан есірткі тауып алса да бос жібермейді. Бұл тізім шексіз, тіпті, кейін біз болмаған кезде, біреулер зираттан орын табу үшін де «ақы төлейтін» болады.

Мұны неге айтып отырмын? Бұл Кемероводағы оқиғаның әсерінен туындаған ойлар. Өзімді жаман сезініп тұрмын, кез келген мұндай ой қайғыға айналады. Бұған бәріміз де кінәліміз. Біз бұл жүйеге үйреніп кеттік және оған өзіміз жол береміз. Кешіріңдер бізді, балалар... (Орфография және пунктуация сақталған. – Ред. алқ)»,- деп ойымен бөлісті актер.

Сурет: Виктор Магдеев
Сурет: Виктор Магдеев

Естеріңізге сала кетейік, 25 наурыз күні Батыс Сібірде орналасқан Кемерово қаласында «Қысқы шие» сауда орталығы өртенген болатын. Ресми деректерге сәйкес, 64 адам қаза тапты, оның 41-і балалар. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында Ресей президенті Владимир Путин болып қайтты.

27-29 наурыз аралығында Кемерово облысында аза тұту жарияланды.

  • 27 Наурыз, 2018
  • BrodKaz
  • 2 097
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама