«Мазалағаным үшін кешіріңіз»: Джордан Пил алаңсыз көрсетілім үшін кинотеатрды жалға алды
Өткен аптада «Оскар» иегері, режиссер әрі сценарист Джордан Пил («Аулақ») Бутс Райлидің дебютті жұмысы болып табылатын «Мазалағаным үшін кешіріңіз» фантастикалық комедиясының алаңсыз көрсетіліміне арнап, кинотеатрды жалға алды. Алғаш рет «Сандэнс» фестивалінде таныстырылған бұл таспа американдық айналымда 10 миллион доллардан астам қаржы жинады.
Джордан Пил бұл акция жайлы оқырмандарына Twitter арқылы хабарлады: «Мен дәл қазір «Мазалағаным үшін кешіріңіз» фильмінің көрсетіліміне арнап кинотеатрды сатып алдым. Бірінші болып келіп, барлығынан бұрын тамашала. Бутс Райлиді жақсы көремін».
Пил ұнататын таспа телемаркеттің қара нәсілді сатушысы Кассиус Грин (Лейкит Стэнфилд, «Еретик», «Өлім дәптері») жайлы баяндайды, ол аяқ астынан мансапта жоғарылай бастайды, бірақ сол үшін қорқынышты параллель әлемге тап болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін