È

«Мазалағаным үшін кешіріңіз»: Лейкит Стэнфилдтың қатысуымен түсірілген фантастикалық комедияға арналған алғашқы трейлер

«Мазалағаным үшін кешіріңіз»: Лейкит Стэнфилдтың қатысуымен түсірілген фантастикалық комедияға арналған алғашқы трейлер

Annapurna Pictures компаниясы басты рөлді Лейкит Стэнфилд («Аулақ», «Көше дауысы») сомдайтын «Мазалағаным үшін кешіріңіз» фантастикалық комедиясына арналған алғашқы трейлерді ұсынды. Таспа жақында ғана өткен «Сандэнс» фестиваліндегі танымал фильмдердің біріне айналды. Annapurna Pictures компаниясының өкілі «Мазалағаным үшін кешіріңіз» фильмінің айналымдағы құқығын иеленгенін «Біз осы фильмді керемет жақсы көреміз» деген сөздерімен жеткізіп, ресми түрде хабарлады.

Стэнфилд Калифорния штатының Окленд қаласындағы өзіндік бағалауы төмен, бірақ күтпеген жерден табысқа жетудің сиқырлы құпиясын тапқан телесатушының рөлін сомдайды. Сатып алушымен телефон арқылы сөйлесу кезінде ол өзінің дауысын түгелдей өзгертеді. Бұл оның мансабының өсуіне әсер етеді. Бірақ оның мансабы тез көтерілгенімен, компанияның ішінде қараңғы құпиялар пайда болады.

Стэнфилдтың кейіпкері ақша табыстары мен достарына шындықты айту арасында таңдау жасауға мәжбүр. «Мазалағаным үшін кешіріңіз» фильмін қойған, әрі сценариін жазған танымал Симпсондар жайлы мультфильмнің дыбыстауымен танымал болған Бутс Райли. Фильм түсірілімімен өзінің дебюті Райан Куглердің «Фрутвейл» бекетімен» танымал және атышулы «Қара Ілбісінді» түсірген Forest Whitaker’s Significant Productions компаниясы айналысты.

«Мазалағаным үшін кешіріңіз» фантастикалық комедиясы ауқымды айналымға осы жылдың 6 шілдесінен бастап шығады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер