Танымалдыққа ұмтылыс
Universal студиясының «Путь к славе» атты жаңа анимациялық фильмінің кейіпкерлері ән айта алады және өте жақсы айтады. осыны білген кейіпкерлердің бірі қалталы аю Бастер дарындылар арасында музыкалық байқау ұйымдастырады, мұнда танымал болғысы келетін көптеген хайуанаттар жиналады. Таңдауға тек үздіктер ілінеді. Байқаудан тыс кейіпкерлердің қиындықтарға толды өмірлері де көрсетіледі, бүл тура адамдардың тұрмысының көрінісі. Кейіпкерлері сахнада Lady GaGa, Nicki Minaj және Crazy Town-ның поп-хиттарын орындайды. Рөлдерді дыбыстаған: Уизерспун, Скарлетт Йоханссон, Мэттью МакКонахи және басқалар. Тұсаукесер келесі жылдың көктеміне жоспарланған.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін