È

Райан Гослинг: қысқа шашты дебют

Райан Гослинг: қысқа шашты дебют

Райан Гослинг астронавт Нейл Армстронг туралы жаңа фильмі үшін шашын қиып тастады.

Актерді түсірілім алаңында жаңа образда: халатпен, жатын киіммен және етікпен тұрған кезінде суретке тартып алған. Қазіргі таңда Гослинг Атланта, Джорджияда «Алғашқы адам» фильміне түсіп жатыр. Актер соңғы рет 2005 жылы шашын осылай қысқа қиған болатын! Режиссер Дэмьен Шазелл («Құлай берілу», «Ла-Ла Ленд») түсірілім үшін Райан Гослингпен қайта бірікті.

Бүгінгі таңда актердің сырт келбеті кәдімгідей өзгеріп жүр. «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмінің экранға шығуына бағытталған жарнама кезінде екі баланың әкесі Гослинг шынайы, күтім көрмеген шашпен жүрген. Актер сол кезден бастап шаш үлгісін өзгертіп тастағандықтан, көпшілік оны танымай қалды.

«Ла-Ла Лендте» күйсандықшының рөлін сомдаған соң, Райан Гослинг голливуд жұлдыздарының жоғарғы санатына көтерілді. Джеймс Хансеннің аттас кітабына негізделген «Алғашқы адамда» актер жауапкершілігі жоғары, өте маңызды рөлді - 1969 жылдың 20 шілдесінде Айға алғаш ұшқан адамның рөлін сомдайды.

«Алғашқы адам» Қазақстандағы айналымға 2018 жылдың 22 қарашасында шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер