Сценарист Фил Джонстонмен бірлесіп «Зверополис» фильмін түсірген анимациялық режиссер Рич Мур таяуда сұқбат беріп, 2012 жылы шыққан «Ральф» анимациялық фильмі жалғасын табатынын айтты. Сиквел сол баяғы аркада ойындарының кейіпкері жайлы, бірақ ол қазір ойынға саяхат жасамайды, ғаламторға саяхаттайды. Мурдың айтуынша, ғаламтор - «Ральф» пен шытырман оқиға үшін таптырмайтын орын, мұнда сюжет құрастыруға мүмкіндік көп. Ральф пен оның дос қызы Ванелопаның шытырман оқиғасын көрермендер 2018 жылы тамашалайды. Басты кейіпкерді Джон С. Райли дыбыстайды, ол мультфильмнің бірінші бөлімінде де осы кейіпкерді дыбыстаған болатын.