È

Дәрежан Өмірбаевтың фильмдеріне шолу

Дәрежан Өмірбаевтың фильмдеріне шолу

Биылғы жылы 15 наурызда отандық режиссер, сценарист әрі кинотанушы Дәрежан Өмірбаев 60 жасқа толады. Кинематографшының мерейтойына орай Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да оның бұрынғы фильмдеріне шолу жасалады.

31 қаңтар күні «Қайрат» (1991) драмасы көрсетіледі. Картина Қайраттың ер жету кезеңін баяндайды. Жігіт институтқа түсу үшін қалаға келеді. Бірақ, ол емтиханнан сүрініп, өтпей қалады. Әрі қарай не істеу керек?

Фильм марапаттарының арасында 1992 жылы өткен Локарно ХКФ-де ФИПРЕССИ бас жүлдесі, Ашхабад кинофестиваліндегі «Үздік бейнелі қорытынды» үшін алған жүлдесі және Страсбургте өткен Халықаралық кинофестивалінің «Гран-при» жүлдесі бар.

7 ақпан күні «Кардиограмма» (1995) фильмі көрсетіледі. Он екі жасар Жасұлан шипажайға келеді. Балақай ауылдан қалаға бірінші рет келіп отыр. Жаңа ортаға бейімделгісі келген Жасұлан біраз қиындықтарға тап болады: ол орыс тілін білмейтін еді.

Картина марапаттары: Венеция ХКФ-дегі ЮНЕСКО жүлдесі, Нантада өткен үш құрлықты ХКФ-дегі қазылар алқасының жүлдесі және 1996 жылы Сингапурда өткен кинофестивалдегі «Гран-при» жүлдесі.

Фото: Oner.kz
Фото: Oner.kz

14 ақпан күні «Қанішер» (1998) фильмі ұсынылады. Марат – қаржылай қиындықтарға тап болған көлік жүргізушісі. Танысының біреуі оған жұмыс ұсынады. Ер азамат бір кісіні өлтіруі тиіс.

Картина Каннда «Ерекше көзқарас» жүлдесін, 1998 жылы Карловы Варадағы киноклубын ХКФ-де қазылар алқасының арнайы жүлдесін, сондай-ақ 1999 жылы Тегеранда өткен ХКФ-де үздік сценарий жүлдесін иеленген.

21 ақрпан күні көрермендерге «Жол» (2001) фильмі көрсетілмек. Таспа кейіпкері - режиссер Әмір Көбессов, ол анасының ауырып жатқаны туралы телеграмма алады. Кейіпкер көп ұзамай балалық шағы өткен ауылға тартады.

Таспа – 2001 жылғы Канн кинофестивалінің, 2001 жылы Балтия мен ТМД елдерінің ұлттық кинематография Форумының және «Еуразия-2008» ХКФ-нің қатысушысы.

28 ақпан күні «Шұға» (2007) картинасы таныстырылады. Фильм Лев Толстойдың «Анна Каренина» романының желісі бойынша түсірілген. Хикая Алматыға ағасы мен жеңгесін татуластыруға келетін мәжілісмен аясында өрбиді.

IV «Еуразия» ХКФ «Қазылар алқасының арнайы жүлдесінің» иегері.

Фото: Oner.kz
Фото: Oner.kz

6 наурыз күні «Студент» драмасы көрсетілмек. Федор Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романының экрандауы. Оқиға жатақханада тұратын алматылық студент аясында өрбиді. Кедейліктен зардап шеккен жігіт қылмысқа барады.

Фильм – 2012 жылғы Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасының қатысушысы.

Фильмдер ҚазҰӨА-ның кинозалында көрсетіледі. Көрсетілім сағат 15:00-де басталады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер