Ридли Скотт «Бөтен» франшизасының болашағы туралы баяндады
Режиссер Ридли Скотт «Бөтен» франшизасының келесі бөліміне қатысты жоспарымен бөлісті. Олар бұлыңғыр. Приквелдер шығуы мүмкін, бірақ жалпы франшиза туралы айтар болсақ, Ридли Скотт ксеноморфтарды жасанды интеллект пен андроидтарға түбегейлі ауыстыруды ойлап отыр. Себебі, «Бөтеннің» кезеңі аяқталды. Режиссер «Өсиетте» ксеноморфтарды қоя тұрып, жасанды интеллектке ақырындап ауысуға тырысқан еді. Жаңа ғаламшарға тап болған андроид-лидердің әлемі. Келесі фильмге қатысты жоспарлар көлемді болып отыр.
Скотт алдыңғы жолдары «Бөтеннің» кем дегенде жаңа төрт бөлімін түсіретінін хабарлаған болатын. Әзірге, студияның бұған не дейтіні белгісіз.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін